АҚШ-та Ұлттық барлау басшысы лауазымына алғаш рет әйел тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та Ұлттық барлау басшысы лауазымына алғаш рет әйел тағайындалды ©REUTERS

АҚШ сенаты Эврил Хэйнсті елдің ұлттық барлау қызметінің директоры лауазымына бекітті. Оның кандидатурасын Джозеф Байден ұсынған. Бұрын Хэйнс Орталық барлау басқармасы (ОББ) директорының орынбасары болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ сенаты Эврил Хэйнсті елдің ұлттық барлау қызметінің директоры лауазымына бекітті. Оның кандидатурасын Джозеф Байден ұсынған. Бұрын Хэйнс Орталық барлау басқармасы (ОББ) директорының орынбасары болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW-ке сілтеме жасап.

АҚШ сенаты 20 қаңтарда Эврил Хэйнсты Ұлттық барлау директоры лауазымына бекітті. 84 адам оны қолдап, 10 адам қарсы дауыс берген. Хэйнс бұл лауазымдағы алғашқы әйел. Оның кандидатурасын демократ Джозеф Байден 2020 жылдың қарашасында, Америка Құрама Штаттарының президенттік сайлауындағы жеңісінен кейін ұсынды.

2013 жылдың тамызынан 2015 жылдың қаңтарына дейін Хэйнс АҚШ Орталық барлау басқармасы (ОББ) директорының орынбасары, кейіннен екі жыл АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісінің орынбасары болып қызмет атқарды.

Айта кетейік, Джозеф Байден бірнеше сағат бұрын Вашингтонда ант берді. Ұлықтау рәсімінде Ақ үйдің жаңа басшысы барлық америкалық үшін Президент болуға, бөлінген қоғамды татуластыруға және саяси келіспеушіліктерді жеңуге, сондай-ақ АҚШ одақтастарымен қарым-қатынасты түзеуге уәде берді.

Байден президенттік қызметіне ресми түрде тағайындалғаннан кейін бірнеше сағаттан кейін алғашқы 15 жарлыққа қол қойды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети