АҚШ-та ұшақ тікұшақпен соқтығысып, өзенге құлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

АҚШ астанасы Вашингтондағы Рональд Рейган әуежайының маңында ұшақ тікұшақпен соқтығысып, өзенге құлады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


АҚШ астанасы Вашингтондағы Рональд Рейган әуежайының маңында ұшақ тікұшақпен соқтығысып, өзенге құлады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Жергілікті биліктің мәліметінше, ұшақ апаты салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар.

Қазір оқиға маңында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Тікұшақтар мен қайықтар жұмылдырылып, іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Ал әуежай әкімшілігі бұл оқиғадан кейін барлық ұшатын және қонатын рейстер тоқтатылғанын хабарлады.


АҚШ авиация реттеушісі Вашингтондағы әуежай маңында 70 жолаушы сыятын Bombardier CRJ700 жолаушы мен Sikorsky H-60 ​​тікұшағы соқтығысқанын мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін дейін америкалық F-35 жойғыш ұшағы Аляскадағы авиабазаға құлаған еді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети