29 шілде 2020 10:43

АҚШ-та ұйықтап жатқан оқушы коронавирустан көз жұмды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: fbi.media Фото: fbi.media

Ұйықтап жатып, қайтыс болған 9 жастағы америкалық оқушы Кимора Линумнан коронавирус табылды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Ұйықтап жатып, қайтыс болған 9 жастағы америкалық оқушы Кимора Линумнан коронавирус табылды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Баланың дене температурасы бірнеше күн 37,7 градус болған. Оны ата-анасы ауруханаға апарған. Дәрігерлер оқушыны тексеріп, үйіне емделуге жіберіпті. Олар қызда жедел респираторлы вирусты инфекция (ЖРВИ) деп ойлаған. Дәрігерлер оқушыда коронавирус инфекция бар-жоғын тексермеген.

Бірнеше күннен соң Кимора Линум өзін жақсы сезінген. Ол соңғы күні балалармен далада ойнапты.

Алайда америкалық оқушы үйіне келген соң өзін әлсіз сезініп, ұйықтап қалған. Кейін оянбаған.

Дәрігерлер Кимора Линум қайтыс болғаннан кейін ғана оны коронавирусқа тексерген.

Айта кетейік, Джонса Хопкинс университетінің мәліметінше, АҚШ-та 4 294 770 адам COVID-19 жұқтырды. 148 мыңнан аса адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети