АҚШ-та вакцина салдырғандар арасында 1 миллион долларға лотерея ойнатылып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та вакцина салдырғандар арасында 1 миллион долларға лотерея ойнатылып жатыр Фото ©REUTERS

АҚШ-тағы Огайо штатында тұрғындарды коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға ынталандыру үшін лотерея ұйымдастырылды. Жеңімпазға 1 миллион доллар ақшалай сыйлық беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жергілікті WHIO порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тағы Огайо штатында тұрғындарды коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға ынталандыру үшін лотерея ұйымдастырылды. Жеңімпазға 1 миллион доллар ақшалай сыйлық беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жергілікті WHIO порталына сілтеме жасап.

Огайо губернаторы Майк Девайн ұтыс ойынына тек вакцина алған ересек тұрғындар қатысатынын айтты. Лотерея федералды үкіметтің коронавируспен күресуге бөлінген қаражатынан төленеді.

Вакцина салдырғандардың арасында апта сайын бір миллион доллар ойнатылады. Лотереяға қатысу үшін препараттың екінші дозасын алу міндетті емес.

"Кейбіреулер "Девайн, сен жындысың! Ақшаны ысырап етесің" деп айтуы мүмкін екенін білемін". Алайда қазір біз үшін тұрғындарымызды вакциналау өте маңызды, сондықтан кез келген әдісті қолдануға дайынбыз", - деп жазды губернатор Twitter-дегі парақшасында.

Мемлекет вакциналанған 18 жасқа дейінгі тұрғындарға да лотерея жасады. Оларда 1 миллион доллардың орнына Огайо университеттерінің бірінде оқуға төрт жылдық стипендия жеңіп алуға мүмкіндік бар. 

Бұрған дейін Нью-Джерсиде де ұқсас шара ұйымдастырлған. Штат губернаторы мамырда коронавирусқа қарсы вакцинацияланған әрбір ересек адамға бір стақан сыра беруге уәде етті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети