АҚШ-тағы сайлау: Вашингтон орталығында бірнеше квартал жабылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото РИА Новости Фото РИА Новости

Вашингтонда полиция бірнеше көшені, оның ішінде Ақ үйге апаратын 16-шы көшені жауып тастады, - деп хабарлайды РИА Новости.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Вашингтонда полиция бірнеше көшені, оның ішінде Ақ үйге апаратын 16-шы көшені жауып тастады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Жалғасы

Жүздеген адам Джеймс Макпитерсон атындағы алаңға жиналды: бір жағынан адамдар CNN телеарнасын үлкен экраннан қарап тұр, екінші жақтан музыка қосылған жүк көлігі тұр. Бірнеше сағат бұрын бұл көлік белсенділер мен полиция арасындағы жанжалға себеп болған.

Басылым мәліметінше, құқыққорғаушылар жақын жерде ештеңеге араласпай, қадағалап тұр. Ақ үй айналасындағы көшелер бірнеше кварталға дейін жабық, полицейлер айналаны велосипедпен патрульдеуге көшкен. Төбеде тікұшақ ұшып жүр. Жалпы қаладағы жағдай тыныш. 

Вашингтонда сайлау қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді, бизнес нысандары уақытша жабылды. Нью-Йоркте наразылық шарасы болуы мүмкін дегенге белсене дайындалып жатыр.


Фото: РИА Новости

Вашингтонда еріктілер Ақ үйдің маңында наразылық білдірушілерге полициямен өзара әрекет ету қағидаларын түсіндіріп жатыр: қолды ашық ұстау, бірден қозғалмау, офицерді ұстауға немесе оған дауыс көтеруге болмайды, алайда видеоға түсіруге болады.

Ақ үйдің маңында жадынама таратып жатыр. Сайлау басталатын күнге қараған түнде ол жерге екі жүзге жуық адам жиналды. Оларға өздерімен бірге 100 доллар және үш күнге жететін дәрілерін алып жүруге кеңес берілді. Бұлар тұтқындалып жатса керек болуы мүмкін.

Баласы бар белсенділерге алдын ала ескерту жасалып, күтуші табуға кеңес берілді. Телефонға пароль қойып, қорғаушының, отбасы мүшелерінің немесе құқыққорғаушылардың нөмірін жазып алу керек. АҚШ-тың азаматтығы жоқ тұлғаларға көші-қон қызметінің телефонын есте сақтау керегі айтылды.

Сондай-ақ офицерлер қызмет ететін бөлімшелер мен олардың белгілерінің айырмашылықтары туралы ақпарат берілді.


Фото: РИА Новости

Еске салайық, АҚШ-та президент сайлауы өтіп жатыр. Мемлекет басшысы болуға республикалық Дональд Трамп және демократ Джо Байден үміткер. Бұған дейін президент сайлауының алғашқы нәтижелері жарияланған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro