05 тамыз 2022 13:28

АҚШ Тайваньның кво-статусы туралы мәлімдеме жасады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Азияға сапары Тайваньдағы немесе аймақтағы кво-статусын өзгертуге байланысты болмағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Азияға сапары Тайваньдағы немесе аймақтағы кво-статусын өзгертуге байланысты болмағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Пелоси мен америкалық делегация Жапонияда жүр. Бұл - Азияға сапардың соңғы кезеңі. Токиода өткен баспасөз мәслихаты кезінде Пелоси оның Тайбэйге сапарына қатысты туындаған айыптауларға жауап берді.

©REUTERS

"Біз мұндағы өкілдігіміз Тайваньдағы немесе аймақтағы кво-статусын өзгертуге байланысты емес екенін басынан-ақ айттық", - деді ол Жапония премьер-министрі Фумио Кисидамен кездесуден кейін.

Осы уақытта Қытай әскери жаттығулардың бір бөлігі ретінде ұшырған бес баллистикалық зымыран Жапонияның ерекше экономикалық аймағына (ЕЭА) түсіп, бұл Вашингтонның ең жақын одақтастарының бірі Токионы дипломатиялық арналар арқылы наразылық білдіруге мәжбүр етті.

©REUTERS

Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығының (АСЕАН) саммитінде АҚШ Тайваньның кво-статусын өзгертуге, әсіресе күшпен өзгертуге бағытталған кез келген біржақты әрекетке қарсы екенін және оның Тайваньға қатысты саясаты өзгермегенін айтты.

"Біз және бүкіл әлем елдері эскалация ешкімнің мүддесіне сай емес күтпеген салдарға әкелуі мүмкін деп санаймыз, соның ішінде АСЕАН мүшелеріне және Қытайға", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети