АҚШ-тағы Юта штатының полицейлері жергілікті тұрғынның үйінен жеті нәрестенің өлі денесін тауып алды, - деп хабарлайды AFP.
АҚШ-тағы Юта штатының полицейлері жергілікті тұрғынның үйінен жеті нәрестенің өлі денесін тауып алды, - деп хабарлайды AFP.
Дәл қазіргі таңда Мэган Хантсман адам өлтірді деген күдікпен айыпталып, абақтыға қамалды. Алғашында полицейлер жаңа туылған сәбидің өлі денесін тапқан. Одан кейін үйді тінтуге ордер алып, олар тағы да жеті нәрестенің өлі денесін байқаған.
Полицияның хабарлауынша, әр баланың денесі бөлек-бөлек картон қораптарға салынған. Тергеу нәтижесін бойынша, ұсталған азаматша он жылдан бері босанған балаларын өлтіріп келген. Алдан ала белгілі болғандай, бұл туралы полицияға балалардың әкесі болып табылатын әйелдің күйеуі жеткізген. Айта кетейік, қолға түскен азаматшаның үш қызы бар, олардың ішінде үлкені - 18 және 20 жаста болса, ал кішісі - 13 жаста.