АҚШ тұрғыны Трампқа қауіп төндіргені үшін түрмеге қамалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Коннектикут штатының тұрғыны елдің экс-президенті Дональд Трампты қудалау қаупін төндіргені үшін тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Коннектикут штатының тұрғыны елдің экс-президенті Дональд Трампты қудалау қаупін төндіргені үшін тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Коннектикут федералды прокурорының сайтында жарияланған хабарламада айтылған. 53 жастағы сотталушы Гэри Джозеф Гравелл жеті айып бойынша кінәсін мойындады, оның ішінде ол ел президентіне қарсы физикалық зәбір көрсеткенін мойындады. Нәтижесінде сот Джозеф Гравеллді тоғыз жылға бас бостандығынан айырды.

"АҚШ округінің судьясы Кари Дули Бриджпортта Гари Джозеф Гравеллді АҚШ-тың экс-президентіне көптеген жалған қауіп төндіргені үшін 110 айға бас бостандығынан айырды", - делінген Коннектикут прокуроры Джон Дарамның хабарламасында.

Тергеу мәліметтері бойынша ер адам телефон мен электрондық пошта арқылы бірқатар шенеунікке - АҚШ президентіне, әуежай әкімшілігіне, судьяларға, түзету және діни мекемелердің қызметкерлеріне қауіп төндірген. Оның ішінде ол зиянсыз ақ ұнтақ салып, сәлемдеме жіберген. Оны сібір жарасының спорасы деп ескерткен. Сондай-ақ америкалық бірнеше штаттағы кейбір жылжымайтын мүлікке нұқсан келтіру ниеті туралы хабарлаған.

2013 жылы сот Гравеллді қауіп-қатері бар хаттарды жібергені үшін 70 айға бас бостандығынан айырған екен. 2015 жылы ол бостандыққа шыққан және үш жылдан кейін қайтадан адамдарға қауіп төндіре бастапты. Психиатриялық сараптама сотталушының психикалық ауытқушылығына қарамастан сау деп таныған. Қазір Гравелл түрмеде отыра ма немесе түрме ауруханасында жазасын өтей ме - мәселе шешіліп жатыр.

Еске салайық, 2018 жылдың ақпан айында Трамптың келіні ақ ұнтақ салынған конверт алған, оны ашып, ауруханаға түскен еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro