АҚШ тұрғыны вакцина салдырып, миллион доллар ұтып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ тұрғыны вакцина салдырып, миллион доллар ұтып алды Видеодан алынған кадр

АҚШ-тың Огайо штатының тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцина салдырып, лотереяның алғашқы жеңімпазы атанды. Оған 1 миллион доллар (430 миллион теңге) берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Business Insider сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың Огайо штатының тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцина салдырып, лотереяның алғашқы жеңімпазы атанды. Оған 1 миллион доллар (430 миллион теңге) берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Business Insider сайтына сілтеме жасап. 

Портал мәліметінше, Цинциннати қаласына жақын орналасқан Сильвертоннан келген Эбигейл Бугенске ұтыс ойынының алғашқы жеңімпазы болды, ал Энглвудта тұратын мектеп оқушысы Джозеф Костелло болашақта түсетін оқу орнына тегін жолдама алды. Айта кетейік, екі жеңімпаз да кездейсоқ сандар генераторы арқылы анықталды. Лотереяға 2,7 миллионнан аса адам қатысты.

Лотерея ережесі бойынша, бір екпе алғандар да автомат түрде ұтысқа қатысушылар тізіміне енеді. Енді апта сайын 23 маусымға дейін вакцина салдырғандар арасында миллион доллар ойнатылады. Жалпы алғанда, жүлдені он адам алады: бес ересек және бес жасөспірім.

Еске салайық, Огайо губернаторы Майк Девайн лотерея туралы мамырдың ортасында жариялаған болатын. Ол лотерея коронавируспен күресу үшін федералды үкіметтің қаражатынан төленетінін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети