17 қараша 2020 | 12:51

АҚШ Түркияның Қарабақ келісіміндегі рөлін нақтылауды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Reuters Фото: Reuters

АҚШ пен Франция Қарабақтағы жағдай бойынша Түркияның рөлі туралы білгісі келеді. Бұл туралы Мемлекеттік департаменттің өкілі АҚШ мемхатшысы Майк Помпео мен Франция СІМ басшысы Жан-Ив Ле Дрианмен өткен келіссөздердің нәтижесі бойынша мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Иконка комментария блок соц сети

АҚШ пен Франция Қарабақтағы жағдай бойынша Түркияның рөлі туралы білгісі келеді. Бұл туралы Мемлекеттік департаменттің өкілі АҚШ мемхатшысы Майк Помпео мен Франция СІМ басшысы Жан-Ив Ле Дрианмен өткен келіссөздердің нәтижесі бойынша мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Олар (Помпео мен ле Дриан) Таулы Қарабақ туралы егжей-тегжейлі әңгімелесті. ЕҚЫҰ-ның Минск тобының тең төрағалары ретінде олар ортақ пікірге келді: Ресейдің атысты тоқтатуға жасаған әрекеттерін мойындай отырып, біз Минск тобы процесінің тең төрағалары ретіндегі рөлімізді ұстанамыз... Бірақ біз, сондай-ақ, ресейліктер түсіндіруі тиіс мәселелердің барын, оның ішінде Түркияның рөлі туралы түсіндіруі керек екенін айтамыз", - деді мемдепартаменттің өкілі.

Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді

Еске салайық, Ресей, Әзербайжан және Армения басшылары Владимир Путин, Ильхам Әлиев және Никол Пашинян 10 қарашада Таулы Қарабақтағы әскери операцияларды толық тоқтату туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети