АҚШ-тың бас инфекционисі "омикрон" штамының қауіп деңгейін айтты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың бас инфекционисі "омикрон" штамының қауіп деңгейін айтты ©REUTERS

АҚШ Ұлттық аллергиялық және жұқпалы аурулар институтының директоры Энтони Фаучи жаңа "омикрон" штамының қауіптілігі туралы алғашқы зерттеулер оны жігерлендіретінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ Ұлттық аллергиялық және жұқпалы аурулар институтының директоры Энтони Фаучи жаңа "омикрон" штамының қауіптілігі туралы алғашқы зерттеулер оны жігерлендіретінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle арнасына сілтеме жасап.

Жалғасы

Бұл туралы Фаучи CNN телеарнасына берген сұхбатында айтты. Ол сондай-ақ Африканың оңтүстігіндегі елдерге саяхатқа салынған тыйым жақын арада қалпына келеді деп үміттенеді.

"Алғашқы зерттеулердің қорытындысы бойынша жаңа "омикрон" штамы өте ауыр түрде өтпейтін секілді. Бірақ оның ауыр немесе жеңіл өтетіндігі, "дельта" штамына қарағанда жеңіл деген қорытынды жасамас бұрын өте сақ болуымыз керек", -деді Фаучи.

Басылымда атап өтілгендей, медициналық сарапшының түсініктемелері жаңа штамм алғаш табылған Оңтүстік Африкада ауруханаға жатқандар өспегеннен туындаған.

"Тыйым біз ештеңе білмей, не болып жатқанын түсінбеген кезде және Оңтүстік Африкада жағдайдың күрт өзгергенін көрген кезде енгізілді. Сондықтан бұл жағдайды барынша түсінуге уақыт берді", - деді Фаучи.

АҚШ-тың бас инфекционисі сонымен қатар "омикрон" АҚШ-тың ондаған штаттарында табылғанын, бірақ "дельта" басым штамм болып қала беретінін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети