06 қазан 2018 | 14:39

АҚШ-тың бұрынғы әскери қызметкері Путинге уы бар хат жіберген

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үшінші Уилльям Клайд Аллэн. © REUTERS Үшінші Уилльям Клайд Аллэн. © REUTERS

Ақ үй мен Пентагонға кастор дәнімен хат жіберген АҚШ-тың бұрынғы әскери қызметкері осыларға ұқсас "улы" хаттарды РФ президенті Владимир Путинге және Ұлыбритания королевасы Екінші Елизаветаға жібергенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Ақ үй мен Пентагонға кастор дәнімен хат жіберген АҚШ-тың бұрынғы әскери қызметкері осыларға ұқсас "улы" хаттарды РФ президенті Владимир Путинге және Ұлыбритания королевасы Екінші Елизаветаға жібергенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. 

Мұның алдында рицин іздері болуы мүмкін хаттар Пентагон, Ақ үй және Федералдық тергеу бюросына түскені мәлім болған. Осыған байланысты оларды жіберді деген 39 жастағы бұрынғы әскери қызметкер Үшінші Уилльям Клайд Аллэн ұсталған, кейін ол кінәсін мойындады.  

5 қазанда ер адам бес бапқа сәйкес айыпталды, енді ол оншақты жыл түрмеде отырады. Оның айтуынша, хаттарды "2018 жылы 24 қыркүйекте  үйінің жанында тұрған аудандық пошта бөлімшесінен жолдаған". Айыпталушы тергеушілерге кастор дәнін әр конвертке салғанын, сонымен қатар "осындай мазмұндағы хатты АҚШ-тың Бас прокуроры Джеф Сешнске, Англия Королевасына және Ресей Президенті Владимир Путинге жолдағанын" айтты.

Айыпталушы тергеушілерге Интернет арқылы жүзге жуық кастор дәнін сатып алғанын айтты. Сот құжаттарына сәйкес, рицин улы заты кастор дәнінде болады. "Улы затты одан шығарып алу өте қарапайым және техникалық білімді талап етпейді", - делінген айыптау актісінде.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети