АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Джордж Шульц қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Джордж Шульц қайтыс болды Фото: AFP/MARIO TAMA

АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Джордж Шульц Калифорнияда қайтыс болды. Ол 100-де болған, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы саясаткер жұмыс істеген Стэнфорд университетінің Гувер институтының сайтында хабарланды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Джордж Шульц Калифорнияда қайтыс болды. Ол 100-де болған, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы саясаткер жұмыс істеген Стэнфорд университетінің Гувер институтының сайтында хабарланды.

Хабарламада Шульц АҚШ-тың 40-шы президенті Рональд Рейганмен бірге "қырғи қабақ соғысты тоқтату үшін дипломатия құралдарын қолдана отырып, тарих бағытын өзгертуде маңызды рөл атқарды" делінген.

"Шульц Америка басшылары Ричард Никсон мен Рейганның әкімшілігінде маңызды қызметтер атқарған. Ол АҚШ мемлекеттік хатшысы (1982-1989), еңбек министрі (1969-1970), қаржы министрі (1972-1974), сондай-ақ Ақ үйдің әкімшілік - бюджеттік басқармасының басшысы (1970-1972) болды", - делінген құжатта.

Институттың сайтындағы Шульцтің өмірбаянында ол "АҚШ тарихындағы президенттік кабинетте төрт түрлі лауазымға ие болған екі адамның бірі" екені айтылған. Онда Шульц Америка тарихындағы "ең ықпалды мемлекет қайраткерлерінің бірі" болғаны да жазылған.

13 желтоқсанда Шульц 100 жылдығын Гувер институтында атап өткен болатын, онда әлемнің көрнекті қонақтары жиналған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети