30 тамыз 2021 15:54

АҚШ-тың Кабулдағы әуе шабуылынан зардап шеккендер саны 12-ге жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото : U.S. Air Force / Master Sgt. Donald R. Allen Фото : U.S. Air Force / Master Sgt. Donald R. Allen

АҚШ Қарулы күштерінің Кабулдағы шабуылынан зардап шеккендер саны 12-ге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 


АҚШ Қарулы күштерінің Кабулдағы шабуылынан зардап шеккендер саны 12-ге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

АҚШ әскери күштері жексенбіде Ауғанстан астанасында көптеген жарылғыш зат тиелген көлікті ұшқышсыз ұшатын аппаратпен жарғанын хабарлады. Өйткені ол Кабул әуежайына тікелей қауіп төндіретіні айтылды.

Кейінірек CNN Кабулдағы жарылыс кезінде тоғыз бейбіт тұрғын, оның ішінде алты бала қаза тапқанын мәлімдеді.

Операцияға жауапты орталық қолбасшылықтың мәлімдемесіне сәйкес, мұндағы мақсат "Ислам мемлекеті - Вилаят Хорасан" (Қазақстанда тыйым салынған) террористік тобымен байланысты болған, оны АҚШ 13 америкалық әскери қызметші қаза болған әуежай маңындағы жарылысқа кіналап отыр. 

Еске салайық, тамыздың басында "Талибан" қозғалысы (Қазақстанда террористік ретінде тыйым салынған) Ауғанстандағы үкіметтік күштерге күш көрсете бастады.

Тәліптер 15 тамызда ел астанасына кіріп, президент сарайын бақылауына алды, ал 16 тамызда Ауғанстанда соғыс аяқталып, жақын арада мемлекетті басқару тәртібі нақтыланатыны мәлімделді. Әзірге тәліптер бақылауына өтпеген бір ғана провинция бар, ол - Кабулдың солтүстік-шығысындағы Панжшер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети