15 шілде 2020 | 15:00

АҚШ-тың қаласында 2021 жылғы наурызға дейін қоғамдық шара өткізуге тыйым салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Пенсильвания штатындағы Филадельфия қаласының билігі 2021 жылғы 28 ақпанға дейін көпшілік жиналатын шара өткізуге тыйым салды. Бұл туралы қала мэрі Джим Кенни мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости


Иконка комментария блок соц сети

Пенсильвания штатындағы Филадельфия қаласының билігі 2021 жылғы 28 ақпанға дейін көпшілік жиналатын шара өткізуге тыйым салды. Бұл туралы қала мэрі Джим Кенни мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

"Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ауыр жағдайға байланысты 2021 жылғы 28 ақпанға дейін қоғамдық ірі шараларды өткізуге тыйым салатынымызды растаймын. Мұндай шешім шығару оңай болмады. Алайда қала тұрғындарының, жұмысшылар мен туристердің денсаулығы және қауіпсіздігі біз үшін бірінші кезекте маңызды болуы тиіс", - деді мэр.

Джим Кенни 50-ден астам адам қатысатын шаралар, оның ішінде фестиваль, парад, концерт, карнавал, жәрмеңке және ескі заттарды сататын базарларға тыйым салынатынын атап өтті.

Бұл шара саяси шеру, таза ауада және жеке территорияда 25 адамға дейін спорт жаттығуын жасауға кедергі болмайды. 

Джонс Хопкинс университетінің деректеріне сүйенсек, АҚШ-та 3,4 миллион адам коронавирус жұқтырған. 136 мыңнан астам науқас қайтыс болған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети