02 ақпан 2021 | 17:35

АҚШ Украинаға әскери көмек көрсетуге уәде берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

АҚШ Украинаға әскери көмек көрсетуге уәде берді. АҚШ-тың жаңа мемхатшысы мен Украинаның сыртқы істер министрі телефон арқылы сөйлескенде Вашингтон Киевке экономикалық және әскери қолдау көрсетуін жалғастыратынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

АҚШ Украинаға әскери көмек көрсетуге уәде берді. АҚШ-тың жаңа мемхатшысы мен Украинаның сыртқы істер министрі телефон арқылы сөйлескенде Вашингтон Киевке экономикалық және әскери қолдау көрсетуін жалғастыратынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

АҚШ Украинаға "экономикалық және әскери көмек көрсетуді" жалғастырады. Бұл туралы Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Украина СІМ басшысы Дмитрий Кулебамен телефон арқылы сөйлескен кезінде айтты. АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Нед Прайс саяси әңгіменің маңызды бөлімдерін айтып өтті.

"Мемлекеттік хатшы Украинаға екіжақты қолдау көрсетілетінін атап өтті. Америка Құрама Штаттары Украинаның егемендігіне, аумақтық тұтастығына және еуроатлантикалық ұмтылыстарына басымдық береді", - делінген хабарламада.

Американың сыртқы саясат бөлімінің басшысы Украинадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, заң үстемдігін жүзеге асыру және институттарды нығайтуға бағытталған экономикалық реформалардың маңыздылығын атап өтті.

"Мемлекеттік хатшы мен сыртқы істер министрі Кулеба Украинаның COVID-19-ға қарсы күресі және Украинаның шығысы мен Қырымдағы Ресейдің агрессиясына байланысты дипломатиялық келісімге қол жеткізуді талқылады", - деп атап өтті Прайс.

Айта кетейік, бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский бірқатар Ресей азаматы мен компанияларға қатысты жаңа санкциялар туралы жарлыққа қол қойды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети