АҚШ Украинаға көмек көрсету бойынша көш бастап тұр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ Украинаға көмек көрсету бойынша көш бастап тұр Фото ©REUTERS

Қақтығыс басталғаннан бері ақпанда АҚШ Украинаның ең ірі одақтасына айналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Киль әлемдік экономика институты сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қақтығыс басталғаннан бері ақпанда АҚШ Украинаның ең ірі одақтасына айналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Киль әлемдік экономика институты сайтына сілтеме жасап.

Ukraine Support Tracker мәліметі бойынша, Киль әлемдік экономика институтының зерттеушілері құрастырған Украинаны мемлекеттік қолдау дерекқорында 24 ақпан мен 27 наурыз аралығында АҚШ Украинаға 7,6 миллиард еуро көлемінде көмек берген. Осылайша, Вашингтон Киевтің ең үлкен одақтасы болды.

АҚШ-тың әскери көмегі гуманитарлық көмектен 1,2 миллиард еуроға асып түседі.

Украинаға көмек көрсету бойынша екінші орында Польша (1 миллиард еуро), үшінші орында Ұлыбритания (0,7 миллиард еуро) тұр.

Алғашқы бестікті Германия (0,5 миллиард еуро) мен Франция (0,4 миллиард еуро) түйіндейді.

ifw-kiel.de

Барлық Еуропалық Одақ елдерінің жалпы үлесі - 2,9 миллиард еуро, оған қоса ЕО институттарынан 1,4 миллиард еуро және Еуропалық инвестициялық банктен 2 миллиард еуро. Ұлыбритания, Канада және Жапония жалпы сомасы 1 миллиард еуро көлемінде көмек көрсетуге уәде берген.

Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден Украина басшысы Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескенін, оның барысында Киевке әскери көмектің жаңа пакеті берілетінін айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети