АҚШ Зеленскийді Киевтен эвакуациялауға көмектесуге дайын - БАҚ

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ Зеленскийді Киевтен эвакуациялауға көмектесуге дайын - БАҚ ©REUTERS

Washington Post АҚШ билігі Владимир Зеленскийдің Киевтен кетуіне көмектесуге дайын екенін жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Washington Post АҚШ билігі Владимир Зеленскийдің Киевтен кетуіне көмектесуге дайын екенін жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Америкалық және украиналық шенеуніктердің басылымға берген түсініктемесінде АҚШ басшылығы "ресейлік әскерлер оны тұтқынға алып немесе өлтіріп кетпеу үшін" Украина басшысына Украина астанасынан эвакуациялауға көмектесуге дайын екенін айтты.

АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеунігінің айтуынша, АҚШ шенеуніктері соңғы күндері Зеленскиймен әртүрлі қауіпсіздік мәселелерін, соның ішінде үкіметтің тыныштығын қамтамасыз ету үшін ең қауіпсіз орындарды талқылап жатыр.

Осы орайда Украинадан келген шенеунік президенттің өзі оны басқа қалаға апару туралы бұйрық бермегенін түсіндірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети