Ақтау маңындағы ұшақ апаты: БАҚ ресейлік әскеридің соққы туралы түсініктемесін жариялады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтау маңындағы ұшақ апаты: БАҚ ресейлік әскеридің соққы туралы түсініктемесін жариялады minval.az

Әзербайжандық Minval басылымы сейсенбі, 1 шілдеде ресейлік ӘШҚ (әуе шабуылына қарсы) күштерінің капитаны Дмитрий Паладичуктың түсініктемесін жариялады. Құжат мәтініне сүйенсек, ол 2024 жылғы 25 желтоқсанда Грозныйға ұшқан Azerbaijan Airlines (AZAL) компаниясына тиесілі Embraer 190 ұшағына оқ ату туралы бұйрық берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әзербайжандық Minval басылымы сейсенбі, 1 шілдеде ресейлік ӘШҚ (әуе шабуылына қарсы) күштерінің капитаны Дмитрий Паладичуктың түсініктемесін жариялады. Құжат мәтініне сүйенсек, ол 2024 жылғы 25 желтоқсанда Грозныйға ұшқан Azerbaijan Airlines (AZAL) компаниясына тиесілі Embraer 190 ұшағына оқ ату туралы бұйрық берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Minval мақаласында редакцияға "сенсациялық материалдар көрсетілген анонимді хат" келіп түскені айтылған. Хатпен бірге ұшаққа соққы жасалған сәтте түсірілген бейне және аудиожазбалар да болған.

Паладичуктың түсініктемесінде тікелей Embraer 190 ұшағы аталмайды. Онда "тұман салдарынан көрінбей тұрған әлеуетті нысан" туралы айтылған. Капитан Паладичук 51-дивизияның әскери командалық пунктіне биіктігі мен жылдамдығын айтып, нысан туралы мәлімдеген. Содан кейін ол телефон арқылы нысананы жою туралы бұйрық алып, операторға атуға пәрмен берген. Алғашқы зымыран нысанаға тимеген соң, Паладичук қайта атуға бұйрық береді.

The Insider мәліметінше, Дмитрий Паладичук Ресейдің ӘШҚ түрлі бөлімдерінде, соның ішінде ӘҚК мен ӘШҚ 14-армиясында қызмет еткен. Капитан басылымға түсініктеме жазғанын телефон арқылы растаған.

"Паладичук "ұшаққа оқ атқаннан" кейін "армия қолбасшысының талабымен" түсініктеме жазғанын растады, сондай-ақ өзінің жазу ерекшеліктерін, мысалы, "ё" әрпін жазу тәсілін атап өтті. Сонымен қатар, оның дауысы әзербайжандық БАҚ жариялаған видеодағы дауыспен сәйкес келеді", – деп жазады The Insider.

Айта кетейік, AZAL әуекомпаниясының Embraer 190 жолаушылар ұшағы Бакуден Грозныйға бет алған. Ол 2024 жылғы 25 желтоқсан күні таңертең Қазақстанның батысындағы Ақтау маңында апатқа ұшыраған еді. Ұшақта бес экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Олардың 38-і қаза тауып, 29-ы аман қалған.

Алдын ала тергеу нәтижесінде ұшақтың "сыртқы нысандардың енуі салдарынан" қабырғалары тесілгені анықталған. Embraer 190 ұшағына ресейлік зымыранмен соққы жасалды деген болжам бар. Сол күні аймаққа украиналық дрондар шабуыл жасап, ӘШҚ күштері жоғары дайындық режиміне өткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети