Ақтөбе тас жолында шағын автобусқа оқ жаудырған: оқиғаның мән-жайы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе тас жолында шағын автобусқа оқ жаудырған: оқиғаның мән-жайы © Тengrinews.kz

Полицейлер Ақтөбе облысында шағын автобусқа оқ жаудыру оқиғасының мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер Ақтөбе облысында шағын автобусқа оқ жаудыру оқиғасының мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2018 жылы 6 сәуірде шамамен сағат 00.50-де белгісіз біреулер атыс қаруымен Mercedes Benz маркалы шағын автобусының жолаушыларына қарақшылық шабуыл жасаған, көлік Ақтөбе қаласындағы солтүстік айналма жолындағы Ақшат ауылының маңында тұрақта тұрған, қарақшылар ақшаны, алтын бұйымдарды қолды қылды", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Полиция баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, шағын автобус Қырғызстан Республикасының азаматына тиесілі, ол Мәскеуден Қырғызстанға жол тартқан.

"Жедел жәрдем бригадасы зардап шеккен адамды Ақтөбенің ауруханасына жеткізді. Қарақшылық шабуыл дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, тәжірибелі қызметкерлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Ақтөбе облысының ІІД және прокуратурасы тергеуді бақылауға алды", - деді ІІД мамандары.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қырғызстанның Қазақстандағы елшілігі Ақтөбе облысындағы тас жолда қырғыз номері бар шағын автобусқа оқ атылғаны туралы ақпаратты тексеріп жатқаны хабарланған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети