Ақтөбедегі тас жолда болған атыста Ресей азаматы зардап шеккен. Бұл туралы Қырғызстан ІІМ баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ақтөбедегі тас жолда болған атыста Ресей азаматы зардап шеккен. Бұл туралы Қырғызстан ІІМ баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қырғызстанның Қазақстандағы ІІМ өкілдігінің алдын ала мәліметтері бойынша, оқ тиіп, зардап шеккен ер адам - Ресей Федерациясының азаматы", - деді Қырғызстан ІІМ мамандары.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2018 жылы 6 сәуірде Қырғызстанның 1988 жылғы азаматы ресей - қазақ мемлекеттік шекарасын Жайназ-Авто арқылы өзінің ақ түсті Mercedes-Benz (спринтер) маркалы көлігімен кесіп өтпекші болған. Онымен бірге досы басқа көлікпен келе жатыпты, ол да Қырғызстанның азаматы.
"Шамамен сағат 17.00-де Mercedes-Benz жүргізушісіне бір ер адам келіп, Шымкентке дейін жеткізіп салуды өтінген, ол да ресей-қазақ мемлекеттік шекарасынан өтіп бара жатқан, бірақ жаяу. Ер адам шамамен 1983 жылғы, Тәжікстанның тумасы, өзімен бірге төлқұжаты болған, Ресейдің азаматы, ол еліне үйлену тойға бара жатқанын айтқан", - деді Қырғызстанның құқыққорғаушылары.
Баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, жүргізуші кешке автокөлік пен жолаушыларды Ақшат ауылының маңына қалдырып, досымен бірге Ақтөбе қаласына кетіп қалған. Шамамен сағат 01.50-де жолаушы хабарласып, өзіне оқ тигенін, жаралы екенін хабарлаған.
"Мәліметтер бойынша, белгісіз біреулер қарақшылық шабуыл жасаған. Шабуыл салдарынан Ресей азаматына оқ тиді, қарақшылар оның ақшасын, алтын бұйымдары мен құжаттарын алып кетті. Зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді. Қырғызстанның азаматына да мүліктік залал келді. Оқиға болған жерде құқық қорғау органдарының қызметкерлері тексеру жүргізді. Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр", - деді ІІМ мамандары.
Бұған дейін Ақтөбе облыстық ІІД мамандары оқиғаның мән-жайын айтып берген болатын.