01 тамыз 2016 | 13:39

Ақылды болса өздеріндегі төңкеріске қалай жол беріп жүр - Атамбаев Түркияның ескертулері жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоғлының Фетхуллах Гүлен жақтаушылары Қырғызстанда төңкеріс жасауы мүмкін деген мәлімдемесіне қатысты пікірін білірді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоғлының Фетхуллах Гүлен жақтаушылары Қырғызстанда төңкеріс жасауы мүмкін деген мәлімдемесіне қатысты пікірін білірді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Бұл абсурд. Ақылды болса өздеріндегі төңкеріске қалай жол беріп жүр? Әрине, біз барлық кеңесті тыңдаймыз және ақпаратты тексереміз. Бірақ қорқытудың немесе ақыл үйретудің қажеті жоқ", - деп мәлімдеді Атамбаев. 

"Егер Қырғызстанда төңкеріс болса, оны Гүленнің ұйымы жасайды. Бұл Қырғызстан үшін үлкен қауіп", - деп мәлімдеген еді Чавушоғлы CNN Turk телеарнасына берген сұхбатында. Министр Қырғызстан билігін республикадағы Гүленнің қоры қаржыландырып отырған жеке мектептерге қатысты шара қолдануға шақырып, егер Қырғызстан "Гүленнің бандасына" деген қарым-қатынасын өзгертпесе, Түркияның Қырғызстанға деген қатынасының өзгеретінін айтқан еді.

Еске салайық, 16 шілдеге қараған түні Түркияда әскерилер мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенген еді. "Әскери адамдар тобы өздеріне берілген құзірет мен қаруды пайдалана отырып, құқыққа қайшы әрекет жасамақ болды... Мұны төңкеріліс деп айту дұрыс емес шығар, бірақ қандай жағдай болса да, біздің азаматтарымыз тыныштықта өмір сүруі керек, біз бейбітшілік пен тәртіпті сақтау үшін қолдан келгенді жасаймыз. Кінәлі адамдар ең қатал жаза алады", - деп мәлімдеген еді түрік үкіметінің басшысы NTV телеарнасының эфирінде телефон арқылы.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети