"Әл-Каида" көшбасшысының өлімі: АҚШ азаматтарды сақ болуға шақырды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:reuters Фото:reuters

АҚШ тұрғындарды "Әл-Каида" (Қазақстанда бұл ұйымға тыйым салынған) жетекшісі өлтірілгеннен кейін антиамерикалық зорлық-зомбылық ықтималдығынан сақ болуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ тұрғындарды "Әл-Каида" (Қазақстанда бұл ұйымға тыйым салынған) жетекшісі өлтірілгеннен кейін антиамерикалық зорлық-зомбылық ықтималдығынан сақ болуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ Мемлекеттік департаменті лаңкестік ұйым жетекшінің өлтірілуі "Әл-Каида" жақтастарын АҚШ нысандарына немесе бейбіт тұрғындарға шабуыл жасауға итермелеп, америкалықтарға қарсы зорлық-зомбылықты арттыруы мүмкін деп ескертті.

"2022 жылдың 31 шілдесінде әл-Завахири қайтыс болғаннан кейін "Әл-Каида" немесе оған қатысы бар террористік ұйымдардың жақтастары АҚШ нысандарына, қызметкерлеріне немесе азаматтарына шабуыл жасауға әрекеттенуі мүмкін. Мемлекеттік департамент қазір антиамерикалық зорлық-зомбылық ықтималдығы жоғары деп санайды", - делінген хабарламада.

АҚШ азаматтарына қырағы болу және шетелге саяхаттау кезінде жағдайды бақылауда ұстау ұсынылады, делінген ескертуде.

"Қазіргі ақпарат лаңкестік ұйымдардың әлемнің көптеген аймағында АҚШ мүддесіне қарсы лаңкестік әрекеттерді жоспарлап отырғанын көрсетеді. Бұл шабуылдар жанкешті операцияларды, қастандықтарды, тонау және жарылыстарды қоса алғанда, кең ауқымды тактиканы қолдануы мүмкін", - деп қосты ол.

Еске салайық, Ауғанстан астанасында Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) ұшқышсыз ұшқышпен жасаған соққысы нәтижесінде Усама бен Ладен қайтыс болғаннан кейін лаңкестік топты бақылауға алған "Әл-Каида" жетекшісі өлтірілді. Ол АҚШ-та 3000-ға жуық адам өмірін қиған 11 қыркүйектегі шабуылдарды ұйымдастыруға көмектескен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer