Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

"Әл-Каида" Ресейде террорлық әрекет жасауды жоспарлаған

26 Ақпан 2015, 09:56
0
Усама Бен Ладеннің Абботтабадтағы үйі. ©Lenta.ru
Усама Бен Ладеннің Абботтабадтағы үйі. ©Lenta.ru

Пәкістанда Усама бен Ладеннің үйін тінту кезінде табылған құжаттарда "Әл-Каида" лаңкестік ұйымының Еуропаның көптеген елдерінде, оның ішінде Ресейде де лаңкестік жасауды жоспарлағаны жазылған, - деп хабарлайды The Telegraph.

"Әл-Каида" ұйымының "Шетелдегі операциялар туралы есеп" деп аталатын 2009 жылғы құжатында лаңкестерді Ұлыбритания мен Ресейге жіберу туралы мәлімет бар. Құжаттар Нью-Йорктегі сотта лаңкестікке қатысы бар деп айыпталып жатқан Абид Насирдың ісі бойынша отырыста ұсынылды. Ер адам 2009 жылы Манчестерде қамауға алынып, АҚШ-қа экстрадицияланған болатын, ал төрт жыл өткеннен кейін ол сот алдына келді. Оған Манестерде лаңкестік актілерді ұйымдастырды деген айып тағылды.

Осыған дейін "Әл-Каида" лаңкестік ұйымының Йемендегі бөлімшесі мүшелерінің бірінің француздың Charlie Hebdo сатиралық журналының редакциясына жасалған шабуылды басқарғанын мәлімдегені хабарланған еді. Содырдың мәлімдемесінде "Әл Каида" ұйымының Арабия түбегіндегі жетекшілерінің" операцияны басқарып, нысанды мұқият таңдағаны айтылады". Сонымен қатар, ол лаңкестіктің журналдың мұсылман қасиетінің тарапына "тоқтаусыз тіл тигізуіне" қарсы жауап ретінде жасалғанын жеткізді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай