15 сәуір 2021 17:52

"Алаяқ адам" - әріптесі Қырғызстандағы қазақ диаспорасының бұрынғы басшысы туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Марат Тоқтоучиков. Фото: kabar.kg/видеодан алынған Марат Тоқтоучиков. Фото: kabar.kg/видеодан алынған

Бішкекте Қырғызстан қазақтары қауымдастығының бұрынғы басшысы Марат Тоқтаучиков ұсталды. Осыған байланысты Tengrinews.kz тілшісі қазақтар қауымдастығының бұрынғы басшысы Эркин Бөлекбаевтан Тоқтоучиков туралы пікірін білді. 


Бішкекте Қырғызстан қазақтары қауымдастығының бұрынғы басшысы Марат Тоқтаучиков ұсталды. Осыған байланысты Tengrinews.kz тілшісі қазақтар қауымдастығының бұрынғы басшысы Эркин Бөлекбаевтан Тоқтоучиков туралы пікірін білді. 

Бөлекбаевтың айтуынша, ол Тоқтоучиковпен 2010 жылы диаспораға жұмыс істеуге келген кезде танысқан. Алайда қоғамдық бірлестіктің бұрынғы төрағасы ол туралы жағымсыз ойда.

"Ол - алаяқ адам. Оның қырғыз арнайы қызметтерінде жұмыс істеуге бейімі бар. Ол бопсалаушы, жалған құжат жасаумен айналысқан. Оның іс-әрекетіне байланысты қазір Бішкек қалалық сотында және Қырғызстанның Жоғарғы Сотында Қырғызстандағы қазақ диаспорасына қатысты мәселелер қарастырылып жатыр. 2017 жылдың қыркүйегінде және 2018 жылдың тамызында өткен кездесудің хаттамаларына қатысты дау туды", - деді Бөлекбаев.

Оның айтуынша, 2015 жылы Қырғызстан халқы Ассамблеясының съезі өтіп, оған Тоқтоучиков Қырғызстанның қазақ диаспорасынан делегат ретінде қатысқан.

"Бірақ оны ешкім делегат етіп сайлаған жоқ. Қырғызстандағы этникалық қазақ диаспорасы оны басшы етіп сайламады. Ол шағын топ құрып, жалған құжаттар мен хаттамалар жасады. Олар Гүлшат Асылбаевамен бірге билікке заңсыз келіп, Қырғызстандағы қазақтар қауымдастығының басшысы болды. Мұның бәрі Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетнің қолдауымен жасалды", - деді ол.

Бөлекбаевтың айтуынша, Марат Тоқтаучиков 2017 жылдың қыркүйегінен 2018 жылдың тамызына дейін Қырғызстан қазақтары қауымдастығының төрағасы, ал 2018 жылдың тамызынан қазіргі уақытқа дейін Асылбаеваның орынбасары болған.

Дегенмен, Еркін Бөлекбаев Тоқтоучиковтың тұтқындалуын "Қырғызстанда тұратын қазақтарға шабуыл" деп есептемейді.

"Оны не үшін тұтқындағанын айта алмаймын. Бұл маған тіпті қызық емес. Бұл Қырғызстан жаңа билігінің қазақтарға шабуылы емес. Бірақ бүкіл халық қандай да бір оң өзгерістер күтіп отыр. Билік басындағы адамдар өзгерді, бірақ әлеуметтік-экономикалық реформа әлі жаңарған жоқ. Қазір бұрынғы нарықтық экономика жалғасып жатыр. Жергілікті Кенештерге (мәслихаттарға) байлар қайта келді", - деп қорытындылады ол.

Айта кетейік, Еркін Бөлекбаев - 2004 жылдан бері Қырғыз Республикасындағы қазақтардың "Алаш" қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Бұған дейін Қырғызстанда құқық қорғау органы қызметкерлері мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен екі азамат ұстағанын хабарланған еді.

Кейін БАҚ өкілдері тұтқындалғандардың бірі Қырғызстандағы қазақ диаспорасының басшысы Марат Тоқтаучиков екенін мәлімдеген. Сондай-ақ, ҰҚК Қырғыз Республикасының қолданыстағы заңнамасында осы қылмысты жасағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауап көзделгенін айтқан.

Марат Тоқтаучиков - Қырғызстан Республикасының азаматы. Қазақ диаспорасының басшысы болған кезде Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы бауырластық қатынастарды сақтауға шақырған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети