Киберқылмыскерлер банк клиенттерінен ақша жымқырудың жаңа тәсілін ойлап тапты - смартфонды сырттай басқару бағдарламасы арқылы, - деп хабарлайды РИА Новости.
Киберқылмыскерлер банк клиенттерінен ақша жымқырудың жаңа тәсілін ойлап тапты - смартфонды сырттай басқару бағдарламасы арқылы, - деп хабарлайды РИА Новости.
Алаяқтар телефон иесіне гаджетті басқаруға мүмкіндік беретін жаңа бағдарламаны бастыруға сендіреді. Мамандардың айтуынша, айына соның көмегімен жеке тұлғалалардан мыңнан аса ақша шығару операциялары жүргізілген.
"Айына орташа есеппен ірі банк үшін алтыдан он миллион рубльге дейін шығарып отырған", - дейді кибершабуылдарға тойтарыс беретін Group-IB компаниясының директоры Илья Сачков.
Осыған дейін, кибералаяқтар қазақстандықтарды алдау үшін сайттардың дубликатын жасағанын айтады. Дер кезінде Kaspi.kz және Homebank.kz сайттарының егіздері анықталып, бұғатталған. Фишинг сайттарда қолданушыларға телефон нөмірі мен парольді теруді сұрайтын болған. Ары қарай SMS-код теру арқылы қолданушы өз есепшоттарын алаяқтарға ашып беретін болған.