Албек Ибраимов Қырғызстан астанасының әкімі болып сайланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Албек Ибраимов Қырғызстан астанасының әкімі болып сайланды Албек Ибраимов

Албек Ибраимов Бішкектің 45-жергілікті кеңесі депутаттарының басым бөлігінің дауысына ие болғаннан кейін Қырғызстан астанасының әкімі болып сайланды, - деп хабарлайды Ria.ru.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Албек Ибраимов Бішкектің 45-жергілікті кеңесі депутаттарының басым бөлігінің дауысына ие болғаннан кейін Қырғызстан астанасының әкімі болып сайланды, - деп хабарлайды Ria.ru.

Ибраимов президенттік партияның атынан қатысқан және осы қызметке ұсынылған жалғыз кандидат. Оған 42 депутат дауысын беріп, біреуі ғана қарсы болды. Ибраимов депутаттарға өз бағдарламасын ұсынып, әкімдік жұмысын күшейтуге, оны мамандармен толықтыруға, сонымен қатар, астанадағы басты жолдарды көлік кептелісінен азат етуге сөз берді, көршілес елдің бас қаласында шамамен 1,2 миллион адам тұрады.

Айта кетейік, президенттік Әлеуметтік-демократиялық партиясы ұсынған 49 жастағы Ибраимов бұрын ел президенті Алмазбек Атамбаевпен қызметтес болған. Бакиевтің кезінде болған жағдайлардан кейін ол "Бішкек" АЭА бас директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды, ал Атамбаев сайланғаннан кейін республика президенті аппараты басшысының орынбасары болды, 2013 жылдан бастап басқарма төрағасы, кейін - Қырғызстандағы "Манас" Халықаралық әуежайы" директорлар кеңесінің төрағасы.

Қырғызстан астанасының бұрынғы әкімі Қуанышбек Құлматов ақпан айының басында өз еркімен қызметінен кетті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети