23 қараша 2016 | 10:10

Алдағы бес-он жылда ұшу тегін болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Майкл О'Лири © mk-london.co.uk Майкл О'Лири © mk-london.co.uk

Ryanair еуропалық лоукостер басшысы Майкл О'Лири алдағы он жылда әуе компанияларының билеттері тегін болуы мүмкіндігін айтады. Бұл туралы ол Лондонда өткен Airport Operators Association конференциясында мәлімдеді, - деп жазады The Guardian.


Иконка комментария блок соц сети

Ryanair еуропалық лоукостер басшысы Майкл О'Лири алдағы он жылда әуе компанияларының билеттері тегін болуы мүмкіндігін айтады. Бұл туралы ол Лондонда өткен Airport Operators Association конференциясында мәлімдеді, - деп жазады The Guardian.

Басылым мәліметінше, компания әуежайлармен серіктесу арқылы пайда көретін болады. "Мен алдағы бес-он жылда Ryanair билеттері тегін болады деп ойлаймын. Бұл жағдайда барлық рейстер толық ұшады, ал біз  әуежайдағы дүкендерде сауда жасаған жолаушылардан түскен қаржыны әуежайлармен бөлісетін боламыз", - дейді О'Лири. Алдағы уақытта компания билет құнын төмендете бермек.

Әуе компаниясы басшысының сөзінше, қазір еуропалық әуежайлар тиімді ұсыныстар жасап жатыр. Ары қарай әуе компаниясы міндеттелген түрлі төлемдер қысқартылып немесе олардан мүлде босатылса, билеттердің тегін болатын күн алыс емес. 

Сонымен қатар, О'Лири жолаушылар санын арттыруды ойлайтын кішірек әуежайларда бұл үдеріс басталып та кеткенін айтады.

Подробнее: https://tengrinews.kz/money/letat-besplatno-stanet-vozmojno-5-10-let-glava-loukostera-306699/
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на Tengrinews.kz

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети