Алек Болдуин операторды атпағанын мәлімдеді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алек Болдуин операторды атпағанын мәлімдеді ©REUTERS

Америкалық актер Алек Болдуин Rust фильмінің түсірілім алаңында операторға оқ атылған тапаншаның шүріппесін баспағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық актер Алек Болдуин Rust фильмінің түсірілім алаңында операторға оқ атылған тапаншаның шүріппесін баспағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы актер америкалық ABC телекомпаниясына берген сұхбатында айтты. Видео үзіндісі компания сайтында жарияланған.

"Мен шүріппені басқан жоқпын. Мен ешқашан ешкімге қаруды бағыттамаймын және шүріппені де баспайымын", - деді Болдуин сұхбатта.

Видеода актер бұлай болғанына әлі де сенбейтінін айтып, жылап жіберді.

Болдуиннің айтуынша, ол тапаншаға атыс оқтарын кім салып қоюы мүмкін екенін білмейді. Сондай-ақ, актер бұл жағдай өміріндегі ең ауыр оқиға болғанын айтты.

"Біреу тапаншаға атысқа арналған оқтарды салып қойған, ол түсірілім алаңында болмауы керек", - деді ол.
 

Айта кетейік, оператордың өліміне қатысты оқиға АҚШ-тың Нью-Мексико штатында түсірілім алаңында болды. Актер оқ атуы керек кезде, түсірілім алаңында бірнеше адам жараланды. "Ржавчина" фильмінің режиссері Джоэл Соуза, оператор Галина Хатчинс ауыр жараланып, Альбукерке ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оператордың өмірін сақтап қала алмады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети