Александр Масляков қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Александр Масляков қайтыс болды Фото: instagram.com/kvnofficial

Тележүргізуші Александр Масляков 83 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тележүргізуші Александр Масляков 83 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ақпарат Instagram-дағы КВН ресми парақшасында жарияланды.

"2024 жылдың 8 қыркүйегінде Александр Васильевич Масляковтың қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз. Ол КВН қозғалысының барлық қатысушысы мен миллиондаған көрермен үшін аңыз адам болып қала береді", - делінген хабарламада.

Масляковтың 1964 жылдан бері КВН бағдарламасын жүргізіп, Ресейде және шетелде "әзіл мен сатира символына" айналғаны атап өтілді.

SHOT Telegram арнасы мәліметінше, Масляков өкпе қатерлі ісігінен қайтыс болған. Ауруы тым асқынғандықтан, ота жасау мүмкін емес болғаны айтылады. Дәрігерлер сегіз ай бұрын туыстарына емдеудің енді көмектеспейтінін айтқан.

Соңғы алты айда Масляковтың жағдайы өте нашар болғаны, әрең сөйлейтіні, тыныс алуы қиындағаны туралы айтылды.

"Жағдай covid-тен кейін қиындай түсті, ол коронавируспен екі рет ауырған", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети