Әлемде 84 миллион адам босқын болуға мәжбүр - БҰҰ

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлемде 84 миллион адам босқын болуға мәжбүр - БҰҰ ©REUTERS

Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасы (БҰҰ БЖКБ) 2021 жылы ел ішінде қоныс аударғандар санының өсу үрдісі сақталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҰҰ сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасы (БҰҰ БЖКБ) 2021 жылы ел ішінде қоныс аударғандар санының өсу үрдісі сақталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҰҰ сайтына сілтеме жасап. 

БҰҰ мәліметінше, 2020 жылдың аяғынан 2021 жылдың маусымына дейін босқындардың жалпы саны 82,4 миллионнан 84 миллионға дейін өсті. Оның ішінде 51 миллион мәжбүрлі қоныс аударушылар өз елінің ішінде көшкен, олардың көпшілігі - Конго мен Эфиопияның өкілдері. Сонымен қатар, Мьянма мен Ауғанстандағы жағдай адамдарды 2021 жылғы қаңтар-маусым аралығында үйлерінен кетуге мәжбүр еткені айтылды.

©REUTERS

"Халықаралық қоғамдастық адамдарды үйлерін тастап кетуге мәжбүр ететін зорлық-зомбылық, қудалау және адам құқықтарының бұзылуына тосқауыл қоя алмады", - деді Филиппо Гранди, БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары.

Оның айтуынша, климаттың өзгеруінің салдары босқындардың уақытша тұратын көптеген аудандарындағы онсыз да қиын жағдайды ушықтырып жатыр.

©REUTERS

Жалпы, босқындардың көпшілігі бес елден келеді: Орталық Африка Республикасы - 71,8 мың, Оңтүстік Судан - 61,7 мың, Сирия - 38,8 мың, Ауғанстан - 25,2 мың және Нигерия-20,3 мың.

©REUTERS

12 миллионнан астам адам әлі күнге дейін азаматтығы жоқ. Сондай-ақ, БҰҰ биыл 126,7 мың босқынның үйлеріне оралғанын айтты.

Бұған дейін БҰҰ әлемдік қақтығыстар салдарынан әлемде барлығы 48 миллион адам босқын мәртебесіне ие болғанын хабарлаған. Бұл рекордтық оқиға.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети