07 наурыз 2019 16:28

Әлемде сүт өнімдері айтарлықтай қымбаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: pexels.com Иллюстрациялық фото: pexels.com

Ақпанда азық-түліктердің әлемдік бағасы өсіп кетті, себебі сүт өнімдері айтарлықтай қымбаттаған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.


Ақпанда азық-түліктердің әлемдік бағасы өсіп кетті, себебі сүт өнімдері айтарлықтай қымбаттаған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының мәліметі бойынша, өткен айда азық-түлік бағасының индексі орта есеппен 167,5 тармаққа жоғарылады. Яғни, қаңтармен салыстырғанда бағасы 1,7 пайызға өскен. Соған қарамастан, бұл көрсеткіштер былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 2,3 пайызға төмен. 

Сүт өнімдерінің бағалары қаңтарға қарағанда 5,6 пайызға қымбаттады. Бұған құрғақ майсыздандырылған сүт, құрғақ сүт пен ірімшік импортына сұраныстың өсуі себеп болып отыр. Оның үстіне, өсімдік майы бағасының индексі өткен аймен салыстырғанда 1,8 пайызға өсті. Қант бағасы 1,2 пайызға қымбаттаған. Ал астық өнімдерінің бағасы айтарлықтай өскен жоқ. 

Сарапшылар 2018 жылғы  әлемдік астық өнімдеріне соңғы болжамын 2,611 миллиард тоннадан 2,609-ға төмендетті. 

"Соңғы болжамымызға АҚШ-та жүгері өнімінің төмен бағасы негіз болды, бұл астықтың жылдық өнімінің азаюын көрсетеді", - дейді сарапшылар. 

Ұйым 2019 жылға бидай өнімі бойынша алғашқы болжамын жасады. Оны 757 миллион тоннаға бағалаған - бұл 2018 жылдан төрт пайызға жоғары. Бірақ бұл көрсеткіш 2017 жылы тіркелген рекордтық деңгейге жетпейді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети