Әлемдегі алғашқы ДНҚ вакцинасы Үндістанда мақұлданды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлемдегі алғашқы ДНҚ вакцинасы Үндістанда мақұлданды Фото:elements.envato.com

Үндістан коронавирусқа қарсы алғашқы ДНҚ вакцинасын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістан коронавирусқа қарсы алғашқы ДНҚ вакцинасын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сілтеме жасап.

Препарат Zydus Cadila (ZyCoV-D) деп аталады. Вакцинаны Cadila Healthcare өндірушісі Биотехнология департаментімен серіктестікте жасаған, Bharat Biotech-тен шыққан Covaxin-нен кейін Үндістанда жедел пайдалануға рұқсат алған екінші жергілікті вакцина. Вакцинаны ересектер мен 12 жастан асқан балаларға қолдануға рұқсат. Бүкіл ел бойынша 28 мыңнан аса адам өз еркімен салдырған, ол 66,6 пайыз тиімділігін көрсетті.

Zycov-d вакцинасы вирустың генетикалық материалының бір бөлігін пайдаланатыны айтылады. Ол иммундық жүйе танитын және оған жауап беретін белгілі бір ақуызды құру үшін ДНҚ түрінде "нұсқаулар" береді. Бір немесе екі дозаны қажет ететін COVID-19 вакциналарының көпшілігіне қарағанда, ZyCoV-D үш дозада салынады.

Өндіруші - Cadila Healthcare, ол жыл сайын 100-ден 120 миллион zycov-d дозасын шығаруды жоспарлап отыр.

Бұған дейін Испания коронавирусқа қарсы алғашқы вакцинасын сынақтан өткізе бастаған еді. Препарат PHH-1V деп аталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course up  603.27  course up  6.41  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети