Әлемдегі алғашқы ел климатқа байланысты көшуге дайындалып жатыр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлемдегі алғашқы ел климатқа байланысты көшуге дайындалып жатыр © youtube

Тувалу арал мемлекетінің сыртқы істер министрі Саймон Кофе "Ленте.ру" тілшісіне егер елді су басса, оның тұрғындары көшуге мәжбүр болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тувалу арал мемлекетінің сыртқы істер министрі Саймон Кофе "Ленте.ру" тілшісіне егер елді су басса, оның тұрғындары көшуге мәжбүр болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, Тувалу билігі жаһандық жылынуға байланысты ең жаман сценарийді қарастырып жатыр: арал аумағын Дүниежүзілік мұхит суы басып, өмір сүруге жарамсыз болып қалады.

Егер бұл сценарий орындалса, Тувалу климаттық апаттарға байланысты қоныс аударған әлемдегі алғашқы мемлекет болады. Бес мыңға жуық Тувалу тұрғыны Жаңа Зеландияға көшіп үлгерген. "Қазіргі уақытта бұл мемлекет халқының шамамен 50 пайызы", - деді Кофе.

Ел қазірдің өзінде дайындықты бастаған, билік мәселені халықаралық құқық тұрғысынан шешуге тырысып жатыр.

"Біз территориямыздан айырылсақ та, елдер Тувалуды тануы үшін тырысамыз. Сонымен қатар басқа жерде болсақ та, бірге әрекет етуді жалғастыру үшін цифрлық ұлт құра алатын технологияларды талқылап жатырмыз", - деді министр.

Шаралардың бірі ретінде Тувалу тұрғындардың қызметтерді онлайн режимінде алуы үшін барлық процесті цифрландыруды жоспарлап отыр.

Бұған дейін Саймон Кофе Глазгодағы БҰҰ-ның Климат саммитінде (COP26) сөйлеген сөзін тізеден келетін суда тұрып жазған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети