Әлемдегі бірінші ел Pfizer вакцинасының төртінші дозасын салуды бастайды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлемдегі бірінші ел Pfizer вакцинасының төртінші дозасын салуды бастайды Сурет ©REUTERS

Израиль билігі медицина қызметкерлері мен 60 жастан асқан адамдарға COVID-19-ға қарсы вакцинаның төртінші дозасын салуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Израиль билігі медицина қызметкерлері мен 60 жастан асқан адамдарға COVID-19-ға қарсы вакцинаның төртінші дозасын салуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігінің сарапшылар тобы төртінші дозаны салуға кеңес берді, бұл шешімді елдің премьер-министрі Нафтали Беннет те қолдады.

"Тамаша жаңалық, менің ойымша, бұл бастама бүкіл әлемге таралған омикрон штамын жеңуге көмектеседі", - деді министр.

Төртінші дозаны енгізу туралы шешімді денсаулық сақтау саласының жоғары лауазымды тұлғалары әлі қабылдаған жоқ, бірақ Беннет Израиль халқын вакцинаның төртінші дозасын мүмкіндігінше тезірек алуға шақырды.

Сондай-ақ, ол Израиль өз азаматтарына вакцинаның үшінші дозасын сала бастаған әлемдегі алғашқы ел екенін айтты.

"Біз төртінші дозаға ізашар болуды жалғастырамыз", - деді министр.

Төртінші доза вакцинаның үшінші дозасын алғасын, төрт ай өткен соң қолжетімді болады. Бұдан басқа, вакцинаның екінші және үшінші дозаларын алу арасында аралық бес айдан үш айға дейін қысқартылды. Денсаулық сақтау министрлігі Израильде жаңа штамның кем дегенде 340 жағдайы тіркелгенін айтты. 

Бұған дейін Израильде коронавирустың бесінші толқыны басталғаны туралы хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети