04 сәуір 2014 | 11:27

Әлемдегі ең ақылды 10 ұлтты біле жүріңіз

ПОДЕЛИТЬСЯ

vestifinance.ru көрінісі vestifinance.ru көрінісі

Әлемдегі ең ақылды 10 ұлт Нобель сыйлығын алған өкілдер санымен анықталды, деп есептейді "Вести-Финанс".


Иконка комментария блок соц сети

Әлемдегі ең ақылды 10 ұлт Нобель сыйлығын алған өкілдер санымен анықталды, деп есептейді "Вести-Финанс".

Негізінен бүгінге дейін Нобель сыйлығын алған саны 876 адамға жетіп отыр. Артур Шопенгауэр жазғандай, талант ешкім жете алмаған жағдайға өз мақсатында жетеді; ғұламалықты - ешкім көре алмайды. Нобель сыйлығын алған адамдар саны әлдебір ұлттың немесе мемлекеттің әлемдік интеллектуальды аренадағы деңгейін көрсетсе керек.

Италия: Бұл елден осы күнге дейін Нобель сыйлығын Микеланджело, Галилей мен Макиавелли секілді 20 ғұлама алып үлгерсе, италияндықтар арасында Нобел сыйлығы тағайындалғанға дейін, яки ертеректе өмір сүрген Леонардо да Винчи сынды атақтылар да болған. Соған қарамастан италияндықтар ғылымның әр саласында зор табысқа қол жеткізген 10 ұлттың қатарына кіріп отыр.

Австрия: Нобель сыйлығын 21 адам алыпты. Сол себепті адамдардың жан басына шаққанда көрсеткіш бұл елді әлем бойынша 7 орынға көтерсе, ал жалпы есепте 9-шы орыннан көрінуіне мүмкіндік береді.

Канада: Канада елінде Нобель сыйлығын 22 ғалым алған екен. Оның ішінде медицина саласында зор табысқа жеткен Фредерик Бантигті атап өткен жөн. Ол 1921 жылы инсулинді ойлап тауып, Нобель сыйлығын алған ең жас ғалым ретінде тарихта қалды. Атап өтерлігі осы марапатқа ие болған канадалық ғалымдардың басым көпшілігі жаңалықты химия саласында ашқан екен.

Ресей: орыстар Пушкин мен Достоевскисіз де Нобельдің 23 сыйлығын алған екен. Сәл кештеку тағанда бұл екі ақынның екеуі де Нобель сыйлығын алып, орыс әдебиетін әлемге жарнамалауға тағы да мүмкіндік алар еді. Сондай-ақ, Ресей бұдан бөлек кванты электроникада, жартылайсымды, сұйықтық арқылы және басқа да заттар арқылы электрмагнитті жарықтандыру саласында зор табысқа жеткен.

Швейцария: Швейцарияда Нобель сыйлығын алғандар саны 25. Бұл ел тұрғындарының жан басына шаққандағы көрсеткіші Канаданы 5 есеге артық болса, ал Ресейді 15 рет орап кетеді. Бұл елдің негізгі тұрғындарын әлем бойынша ақылдылар қатарына қосқандар ішінен Альберт Эйнштейнді айтпай кету күнә саналады. Эйнштейін өмірге Германияда келгенімен негізгі ғылыми жұмыстарын нақ осы Швейцарияда жүргізген. 

Швеция: Швеция Нобель сыйлығының иегері Альфред Нобельдің тарихи отаны болып саналады. Бұл елден барлығы 29 адам жерлестері тағайындаған Нобель сыйлығын алған. Бұл елде Швед королдігінің ғылым академиясының штаб-пәтері орналасқандықтан ақылды ұлттар шоғырланған 5 елдің қатарына Швецияның кірмеуі мүмкін еместей.   

Франция: Франция өнер саласында тың идеялар шығатын ел ретінде көшті бастап келеді. Бұл елден Нобель сыйлығын 59 ғалым алған. 

Германия: Бұл елдің көрсеткіші тіптен жоғары, яки 104 құрайды. Немістердің басты ерекшелігі олар ғылымның әр саласында үздік шығып отыр. Мәселен, 1918 жылы Макс Планк бұл сыйлықты өзі ойлап тапқан квантық теория үшін алған болса, ал ғалым Вернер Гейзенберг квантты механика үшін алған.  

Ұлыбритания: Бұл елдің ғалымдары Нобель сыйлығын сыйлық тағайындалғалы бері жыл сайын алумен келеді. Ол елде барлығы 121 ғалым осы сыйлыққа ие болған екен.

АҚШ: АҚШ-та жалпы Нобель сыйлығын алғандардың үштен бір бөлігі тұрған немесе тұрып жатыр. Сол себепті АҚШ тұрғындарының жан басына шаққандағы көрсеткіші халық саны аз болсын, көп болсын барша әлем елдерінен оқ бойы озық тұр. Салыстырмалы түрде айтсақ барша Еуропалық одақты қосқандағымен тең. 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети