Әлемдегі ең бай адам бір күнде 7 миллиардқа жуық долларынан айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлемдегі ең бай адам бір күнде 7 миллиардқа жуық долларынан айырылды REUTERS©

Әлемдегі ең бай адам, Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос 6,8 миллиард долларынан айырылды, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлемдегі ең бай адам, Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос 6,8 миллиард долларынан айырылды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Әлемдік қор биржаларындағы құлдыраудан кейін дүние жүзіндегі топ-10 миллиардердің байлығы бір күнде 37,36 миллиардқа кеміді. Бұған Bloomberg Billionaires Index деректері дәлел.

Facebook-тің негізін қалауған Марк Цукерберг 5,75 миллиард және Tesla мен SpaceX компаниясының негізін қалаған Илон Маск 4,24 миллиард доллардан айырылды. Цукерберг пен Маск BBI миллиардерлер рейтингінде төртінші және үшінші орында тұр. 

Екінші орынға Microsoft-тың негізін қалаушы Билл Гейтс орналасқан. Оның байлығы бір күнде "бар болғаны" 2,3 миллиард долларға кеміді.

Пандемияның екінші толқынына байланысты әлемдік қор нарығында, оның ішінде Уолл-стритте жаппай сатылым болып жатыр. Америкалық қор индекстері төрт пайыздан аса төмендеді. Соның салдарынан миллиардерлердің байлығы азайды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети