30 қазан 2018 18:28

Әлемдегі ең бай адам екі күнде 19 миллиард доллардан айырылды - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Forbes.ru © Forbes.ru

Бірнеше нұсқа бойынша ең бай адамдар тізімінде көш бастап тұрған Amazon басшысы әрі иегерлерінің бірі Джефф Безос компаниясының акциясы төмендеуіне байланысты екі күнде 19,2 миллиард доллардан айырылды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Жұмада Amazon акциялары 7,8 пайызға төмендеді, ал дүйсенбіде - тағы 6,3 пайызға құлдырады. Инвесторлар компанияның есеп беруіне қанағаттанбаған, олар өздері болжаған табыстан әлдеқайда төмен пайда түсірген. Акцияның құлдырауына жаһандық сауда қорының әсер етуі де салдарын берді. Соның салдарынан Amazon басшысы 19,2 миллиард доллардан айырылды. Бұл аз уақытта болған рекордтық қаражат.

Қазіргі уақытта Безостың байлығы - 128,1 миллиард долларға бағаланады, соған қарамастан ол әлемдегі ең бай адамдар тізімінде бірінші орынды сақтап қалды. 

Бұған дейінгі рекорд Facebook әлеуметтік желісінің құрылтайшысы Марк Цукербергке тиесілі. Ол маусымда екі күн ішінде 16,5 миллиард доллардан айырылған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети