Әлемдегі ең биік шырша орнатылды

25 Желтоқсан 2016, 14:40
0
Әлемдегі ең биік шырша орнатылды - © Eranga Jayawardena/Associated Press
© Eranga Jayawardena/Associated Press

Шри-Ланкада әлемдегі ең биік шырша орнатылды, - деп хабарлайды РИА Новости ABC News телеарнасына сілтеме жасап.

Шри-Ланка билігі Коломбо қаласында әлемдегі ең биік жасанды жаңажылдық шырша орнатты, конструкцияның биіктігі - 73 метр. 

Шырша металл шыбықтарынан құрастырылып, пластиктен жасалған сымдары жасыл түске боялған. Мерекелік "ағашқа" миллион шыршаның бүршігі ілінген, олар қызыл, алтын, күміс және жасыл түске боялған. Шыршаға 600 мың шам ілінген. Ал ең биік нүктесінде алты метрлік жанып тұратын жұлдызша орнатылған. 

Жалпы осы шыршаны орнатуға 80 мың АҚШ доллары жұмсалған. Елдегі католиктер шіркеуі ақшаны ысырап етті деп айыптаған: олар артық ақшаны елдегі кедей отбасыларына таратып беруге болар еді. 

Осы шыршаны орнатушылар Гиннестің рекордтар кітабына ұсыныс білдірген. Осыған дейінгі әлемдегі ең биік шыршаның ұзындығы 53 метр болған еді, ол қытайдың Гуанчжоу қаласында 2015 жылы орнатылған болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай