Әлемдегі “ең жанашыр судья“ қайтыс болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлемдегі “ең жанашыр судья“ қайтыс болды Фото: instagram.com/therealfrankcaprio

Әлемдік БАҚ Фрэнк Каприоның қайтыс болғанын хабарлады. Оны көбіне "әлемдегі ең түсінігі мол және ең мейірімді" судья деп атайды. Оның түрлі істер бойынша шешім шығарып жатқан сәтінің видеолары әлеуметтік желілерде миллиондаған қаралым жинаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлемдік БАҚ Фрэнк Каприоның қайтыс болғанын хабарлады. Оны көбіне "әлемдегі ең түсінігі мол және ең мейірімді" судья деп атайды. Оның түрлі істер бойынша шешім шығарып жатқан сәтінің видеолары әлеуметтік желілерде миллиондаған қаралым жинаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның Instagram-парақшасында 88 жасында "ұйқыбез обырына қарсы ұзақ күрестен кейін" өмірден озғаны туралы хабарлама жарияланды.

"Оны көпшілік жанашырлығы, қарапайымдылығы және адамдардың мейіріміне деген берік сенімі үшін жақсы көрді. Судья Каприо сот залындағы жұмысы арқылы миллиондаған адамның өміріне әсер етті, ал өзінің адамгершілік үлгісімен одан да көп жанға ықпал етті. Оның жылылығы, әзіл-қалжыңы мен мейірімі оны жеке таныған немесе сөзін естіген әр адамның жүрегінде өшпес із қалдырды. Ол тек құрметті судья ретінде ғана емес, сүйікті жар, әке, ардақты ата және дос ретінде де есте қалады", – делінген әлеуметтік желідегі хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Judge Frank Caprio (@therealfrankcaprio)

Америка судьясы өзінің қаласынан тыс жерлерде де танымал болған. Себебі сот залындағы оның адамгершілігі мен кешірімділігін көрсететін әсерлі бейнероликтері интернетте орасан зор аудитория жинады.

Пікір қалдырғандар өз эмоцияларын, жеке естеліктерімен бөлісіп, қайғырып көңіл айтты.

БАҚ деректеріне сүйенсек, Фрэнк Каприо АҚШ-тың Род-Айленд штаты Провиденс қаласының сотында шамамен қырық жылға жуық судья қызметін атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети