Әлемдегі алып ұшақ тұңғыш рет ұшты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлемдегі алып ұшақ тұңғыш рет ұшты © Jack Beyer

Сенбіде, 13 сәуірде, АҚШ-та тұңғыш рет әлемдегі ең үлкен Stratolaunch ұшағы әуеге көтерілді. Калифорнияның Мохаве шөлінде арнайы демонстрациялық ұшу сәтінде түсірілген видео YouTube желісінде жарияланды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сенбіде, 13 сәуірде, АҚШ-та тұңғыш рет әлемдегі ең үлкен Stratolaunch ұшағы әуеге көтерілді. Калифорнияның Мохаве шөлінде арнайы демонстрациялық ұшу сәтінде түсірілген видео YouTube желісінде жарияланды. 

Stratolaunch Systems компаниясының екі фюзеляжды жаңа құрылғысы әуеде 2,5 сағат болып, максималдық жылдамдықты сағатына 304 шақырымға дейін апарды. Алып ұшақтың қанаттары - 117 метр, бұл алдыңғы рекордтан (Ан-225 "Мрия" 88 метр) әлдеқайда ұзын.  

Ұшақтың ұзындығы 73 метр. Әуе кемесінің салмағы 250 тонна, ол 590 тоннаға дейін жүк көтере алады. Биіктігі 4,69 метр. Ұшып-қону айлағында оның 28 дөңгелегі іске қосылады. Онда Boeing 747 ұшағы орнатылатын  Pratt&Whitney қозғалтқыштарымен жабдықталған және әуеге 226 тонна жүкті әуеге көтере алатыны туралы Stratolaunch Systems компаниясының хабарламасында айтылады.

Stratolaunch негізгі мақсаты - ұшатын құрылғылардың ғарышқа шығару. Әлемдегі алып ұшақты 2012 жылдан бері жобалап, құрастырып келеміз. Жобаның мақсаты - орбиталық позицияларға ыңғайлы әрі сенімді мүмкіндік жасау", - дейід құрастырушылар. 


© Reuters

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети