14 маусым 2021 | 15:54

Әлемдік көшбасшылар екіжүзді деп айыпталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Әлем көшбасшылары G7 саммитінде әлеуметтік арақашықтық ережелерін бұзды деп айыпталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Әлем көшбасшылары G7 саммитінде әлеуметтік арақашықтық ережелерін бұзды деп айыпталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail сайтына сілтеме жасап.

Желі қолданушылары АҚШ президенті Джо Байденді, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонды және басқа ел басшыларын әлеуметтік арақашықтықты сақтамағаны және жеке қорғаныс құралдарының жоқтығы үшін сынға алды.

©️REUTERS

Желіде жарияланған суреттер коронавирусқа байланысты шектеу енгізілген және қатаң сақтау талап етілген Ұлыбритания тұрғындарының ашуын туғызды.

"Үйлену тойында адамдар екі метр арақашықтықты сақтап, маска тағуы керек, кешкі ас ішуге барған адамдар бір метр арақашықтықта отыруы керек. Бірақ үкімет мүшелері шарада барлық ережеден босатылатын сияқты. Бұл екіжүзділіктің жоғарғы деңгейі", - деп жазды Желі қолданушысы.

"Оларға бөлек, бізге бөлек ереже", - деді екінші бір оқырман.

Сонымен қатар, мыңдаған адам "Үлкен жетілік" саммитінің халықаралық баспасөз орталығы алдына жиналып, климаттың өзгеруі және басқа да көптеген әлемдік мәселеге қатысты биліктің әрекетсіз отырғанына қарсы болды.

©️REUTERS

Фалмут қаласының көшелері мен теңізде бірнеше наразылық шарасы өтті.

©️REUTERS

Өз кезегінде сыртқы істер министрі Доминик Рааб іс-шараларда бәрі әлеуметтік арақашықтық ережелерін ұстануы керек екенін айтты.

Ол қоғамдық іс-шаралар мен мемлекеттік маңызы бар шараларда әртүрлі ереже бұрыннан бар екенін айтты. Оның айтуынша, саммитке қатысушылар күнделікті сынама тапсыру режимінен өткен, арасында вакцина алғандар да бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети