06 ақпан 2014 12:19

Әлемнің 200 жазушысы Ресейге ашықхат жолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ЛГБТ қозғалысының мүшелері. ©РИА Новости ЛГБТ қозғалысының мүшелері. ©РИА Новости

Әлемнің 200 жазушысы дәстүрлі емес жыныстық қатынасты насихаттауға тыйым салу және діндарлар сезімін қорғау туралы заңдардың күшін жоюға шақырып, Ресей билігіне хат жолдады. Ашық хат The Guardian басылымында жарияланды деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Біз Ресей билігін сөз бостандығын шектейтін бұл заңдардың күшін жоюға шақырамыз. Ресей халықаралық конвенцияларды орындауға міндетті: көз жеткізу мен пікір білдіру бостандығы, діни сенім бостандығы, дінге сенбеу құқығы азаматтардың бәрі өз ойын еркін білдіре алатын ортаның құрылуына ықпал етуі керек", - делінген ресми үндеуде. Гей-насихатты тыю туралы заңға қарсы қол қойған жазушылардың арасында Нобель сыйлығының үш иегері бар. Олар: нигериялық драматург Воле Шойинка, австриялық романшы Эльфирд Елинек және түрік жазушысы Орхан Памук. Сонымен бірге, Джулиан Барнс, Джонатан Франзен, Нил Гейман сияқты танымал қаламгерлер қол қойған. Еске сала кетейік, 2013 жылдың маусымында Ресейде екі заң қабылданған еді - жасөспірімдер арасында дәстүрлі емес жыныстық қатынастың насихатына тыйым салу туралы және діндарлардың сезімін қорғау туралы. Бұл заңдардың қабылдануы Еуропаның көптеген саясаткерінің наразылығын туғызды. Соның бірі - Германия Президенті Йоахим Гаук осы себепті Сочи Олимпиадасына бойкот жариялайтынын мәлімдеген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети