Әлемнің жартысы қауіпте: ДДСҰ чикунгунья вирусы туралы айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлемнің жартысы қауіпте: ДДСҰ чикунгунья вирусы туралы айтты Фото:depositphotos.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) маса шағуы арқылы таралатын чикунгунья вирусының індетке айналу қаупі бар екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі USNews мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) маса шағуы арқылы таралатын чикунгунья вирусының індетке айналу қаупі бар екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі USNews мәліметіне сілтеме жасап.

ДДСҰ өкілі Диана Рохас Альварестің айтуынша, жылдың басында Үнді мұхиты аймағындағы Реюньон, Майотта және Маврикий аралдарында басталған ауру Еуропа мен басқа құрлықтарға да тарала бастаған. Қазір вирус Мадагаскар, Сомали және Кения елдеріне таралып жатыр, сондай-ақ Үндістанды қоса алғанда, Оңтүстік-Шығыс Азияда індет белгілері байқалған. Еуропада вирус жұқтыру жағдайларының көбеюі мен жергілікті тасымалдаушылар арқылы жұғуы ерекше алаңдаушылық тудырып отыр.

"1 мамырдан бері Францияда чикунгунья вирусының 800-ге жуық әкелінген жағдайы тіркелді. Сонымен қатар елдің оңтүстігіндегі бірнеше өңірде жергілікті тасымалдау, яғни жұқтыру эндемиялық аймақтарға барусыз, жергілікті масалар арқылы тараған. Өткен аптада мұндай жағдай Италияда да тіркелді", — деді ДДСҰ өкілі.

Оның айтуынша, 119 елде тұратын шамамен 5,6 миллиард адам вирус жұқтыру қаупі бар аймақтарда өмір сүріп жатыр. Бұл вирус жоғары температура, буын аурулары мен ұзаққа созылатын асқынулар тудыруы мүмкін.

"Чикунгуньяға қарсы арнайы ем жоқ, ол көбіне Aedes түріндегі масалар арқылы таралады. Олардың қатарында денге мен зика вирустарын да тасымалдайтын жолақ масалар бар. Бұл масалар күндіз шағатындықтан, басты алдын алу шарасы — репелленттер қолдану және ұзын жеңді киім кию", — делінген мәліметте.

Бұған дейін чикунгунья вирусының індеті 2004–2005 жылдары тіркелген болатын. Ол кезде негізінен шағын аралдық аумақтарда жарты миллионға жуық адам ауырған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети