Сириялық көтерілісшілердің Идлиб провинциясында атып түсірген ресейлік Ми-8 тікұшағы орнында белгісіз аққұба әйелдің куәлігі табылды, - деп хабарлайды Daily Mail.
Сириялық көтерілісшілердің Идлиб провинциясында атып түсірген ресейлік Ми-8 тікұшағы орнында белгісіз аққұба әйелдің куәлігі табылды, - деп хабарлайды Daily Mail.
Басылым құжаттың және оқиға орнының суреттерін жариялап отыр. Кей суретте сириялық көтерілісшілер ресейлік пилоттың делінген денесін сүйреп бара жатыр. Сонымен қатар, Ми-8 апатқа ұшыраған жерде жүргізуші куәлігі, куәліктер, сақтандыру және православие икондары табылған.
© dailymail.co.uk/Anadolu/Reuters
Еске салайық, Сирияның Идлиб провинциясында ресейдің Ми-8 тікұшағын атып түсірген болатын. Бортта экипаждың үш мүшесі және бітімгерлік мақсаттағы ресейлік орталықтың екі офицерінің болғаны хабарланған еді. "Бірінші тамыз күні Хмеймим әуе базасына қайтып келе жатқан ресейлік Ми-8 әскери-көлік тікұшағы жерден жасалған шабуылдан құлады. Олар Алеппо қаласына гуманитарлық көмекті жеткізіп, қайтып келе жатқан. Тікұшақта экипаждың 3 мүшесі және Сириядағы жанжалдасқан екі жақты бітімгерлікке шақыру мақсатындағы ресейлік орталықтың екі офицері болған", - делінген еді Ресейдің Қорғаныс министрлігінің баспасөз және ақпарат басқармасының хабарламасында. Ресейлік әскерилердің мәліметінше, Ми-8 "Джебхат ан-Нусра" лаңкестік тобының бақылауындағы аумақта атып түсірілген.
"Газета.Ru" басылымы РФ Қорғаныс министрлігіндегі өкіліне сілтеме жасай отырып, тікұшақ экипажының үш мүшесінің аты-жөнін жариялады: 33 жастағы капитан Роман Павлов, ұшқыш-штурман - 29 жастағы аға лейтенант Олег Шеламов және 41 жастғаы Алексей Шорохов. Бортта болған тағы екі адамның аты-жөндері нақтыланбады.