Алепподағы автобустар тұрағында теракт болды: 70 адам қаза тауып, 130-дан аса адам жарақат алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алепподағы автобустар тұрағында теракт болды: 70 адам қаза тауып, 130-дан аса адам жарақат алды РИА Новости

Рашидин аумағындағы автобустар тұрағында жойқын жарылыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости Алепподағы дереккөзге сілтеме жасап.


Рашидин аумағындағы автобустар тұрағында жойқын жарылыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости Алепподағы дереккөзге сілтеме жасап.

Айта кетейік, осыған дейін Рашидин аумағында Фуа мен Кефраяның эвакуацияланған тұрғындарын әкелген жерде теракт болғаны жайлы хабарланған болатын. Ішінде өлімші отырған көлік азық-түлік өнімдерін тасымалдаған автобус тұрағының маңына келіп, жарылыс жасаған. Эвакуацияланған адамдар отырған автобустардың бір бөлігі қазіргі уақытта бақылауда.

"Терактіден қаза тапқандардың саны 70 адамнан асты, ал жарақат алғандардың саны 130-ға жетті. Өртеніп кеткен автобустардың маңында күйіп кеткен денелер көп", - деді агенттіктегілер.

Сондай-ақ, басылымның мәліметінше, Фуа мен Кефрая тұрғындарының шамамен екі мыңы, олардың ішінде 400-і балалар осы лаңкестердің қолынан қаза тапқан.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети