Әлиев Австрияның Әділет министріне ақша төлеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлиев Австрияның Әділет министріне ақша төлеген Рахат Әлиев ФОТО Forbes.kz сайтынан

Астрияның Әділет министрі Вольфганг Брандшеттер сол елдегі Қазақстанның экс-елшісі Рахат Әлиевтің басына бұлт үйірілгенде "көмектесіп", біраз қаржы алған деп хабарлайды Tengrinews.kz Forbes.kz-ке сілтеме жасап. Forbes.kz-тің жазуы бойынша, Рахат Әлиевтің Астриядағы заңгер өкілі ретінде Әділет министрі Вольфганг Брандшеттер болғанға ұқсайды. Ол үшін министр 150 мың еуро ақы алған. Сонымен бірге, Мальтадан қоныс тебуіне қосымша 170 мың еуро шығындаған көрінеді. Мұндай қомақты соманы Рахат Әлиевке министр Вольфганг Брандшеттер 2007 жылдың тоғызыншы қарашасында төлеу керектігін "естіртсе", алайда Рахат ол соманы 2008 жылдың ақпан айының соңында бір-ақ төлеген. 2007-2009 жылдары аралығында Австрияның Әділет министрі Рахат Әлиев үшін қорған іспеттес болған. Министр өзінің Әлиевтей әйгілі клиентіне Төменгі Австриядағы Эггенбургтің үйлерінің біріне тіркеуге алумен қатар, "Хорн" қоғамдастығынан "шетелдік паспорт" алып берген. Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі қызметінен кейін Рахат Әлиев үшін Австрияда қиын күндер бастау алған-ды. Кейбір құжаттарды беру үшін Вена әкімдігі одан бас тартты. Бірақ "Хорн" қоғамдастығының жұмысына Австрияның Әділет министрі араласқаннан кейін көп ұзамай бәрі ойдағыдай шешілген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 501.24  course down  597.92  course down  6.64  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети