Рахат Әлиев. ©Аzattyq.org
Рахат Әлиев Мальтадан 2013 жылдың тамыз айында кетіп қалды деп хабарлайды MaltaToday. Мальта бас прокурорының орынбасары Донателло Френдо - Димектің айтуынша, айыптау тағылған кезде Әлиев Мальтаның уақытша резиденті болды. Австрия азаматтығын алған Эльнара Шоразоваға үйленуі оған Еуроодақ көлемінде жүріп-тұруға мүмкіндік берді. Оның тұрғылықты мекенжайы көрсетілмей отыр. Әлиев тамыз айында Мальтадан кетіп қалған, бір айдан соң оның артынан отбасы да қоныс аударды. Бұл ақпаратты полиция өкілдері растады, олардың хабарлауынша, Әлиев Мальтадағы бұрын барып жүретін жерлерінде көрінбейтін болды. Құқық қорғау органдары өкілдері Әлиевпен соңғы рет 2013 жылдың мамыр айында байланыс жасаған. Еске сала кетейік, 2013 жылдың маусым айында Мальта соты Рахат Әлиевтің мүлкін тұтқындап, есепшоттарын тоқтатқан болатын. Бұған Германиядан Әлиевке қатысты ақша жылыстату дерегі бойынша тексеру жүргізу қажеттігі туралы арыздың түсуі себеп. Әлиев Мальтада 2010 жылдан, яғни Германиядан кетіп қалғаннан бастап тұрған. Қазақстанда ол аса ауыр қылмыстар (мемлекеттік төңкеріс дайындау, адам ұрлығы, отанын сату) жасағаны үшін сырттай сотталған.
Рахат Әлиев Мальтадан 2013 жылдың тамыз айында кетіп қалды деп хабарлайды MaltaToday.
Мальта бас прокурорының орынбасары Донателло Френдо - Димектің айтуынша, айыптау тағылған кезде Әлиев Мальтаның уақытша резиденті болды. Австрия азаматтығын алған Эльнара Шоразоваға үйленуі оған Еуроодақ көлемінде жүріп-тұруға мүмкіндік берді. Оның тұрғылықты мекенжайы көрсетілмей отыр. Әлиев тамыз айында Мальтадан кетіп қалған, бір айдан соң оның артынан отбасы да қоныс аударды.
Бұл ақпаратты полиция өкілдері растады, олардың хабарлауынша, Әлиев Мальтадағы бұрын барып жүретін жерлерінде көрінбейтін болды. Құқық қорғау органдары өкілдері Әлиевпен соңғы рет 2013 жылдың мамыр айында байланыс жасаған.
Еске сала кетейік, 2013 жылдың маусым айында Мальта соты Рахат Әлиевтің мүлкін тұтқындап, есепшоттарын тоқтатқан болатын. Бұған Германиядан Әлиевке қатысты ақша жылыстату дерегі бойынша тексеру жүргізу қажеттігі туралы арыздың түсуі себеп. Әлиев Мальтада 2010 жылдан, яғни Германиядан кетіп қалғаннан бастап тұрған. Қазақстанда ол аса ауыр қылмыстар (мемлекеттік төңкеріс дайындау, адам ұрлығы, отанын сату) жасағаны үшін сырттай сотталған.