29 қаңтар 2014 | 14:23

Әлиев ісі Еуроодақтың сот төрелігіне сенімді азайтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рахат Әлиев. ©Аzattyq.org Рахат Әлиев. ©Аzattyq.org

Рахат Әлиев ісі мен оның төңірегіндегі дау-жанжалдар азаматтардың Еуроодақтың сот төрелігіне деген сенімін жоғалтуы мүмкін. Бұл туралы Еуропарламент депутаты Клод Турме мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz. Турме Еуропарламенттің сайтында Әлиевке қатысты тергеудің Еуропа елдері заңнамаларына сай жүргізілмей отырғанын жазады. "Комиссия кісі өлтіру, жемқорлық, ақша жымқыру, құжат жасау сияқты салмақты айыптар таққан кезде оның ешқандай құқықтық салдарының болмауы Еуроодақтың сот төрелігіне деген қоғамдық сенімге едәуір нұқсан келтіретінін біле ме екен?", - дейді Турме. Өзінің ресми сауалында депутат Австрия, Германия, Мальта құқық қорғау органдарының Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі, ҚР бұрынғы сыртқы істер министрі, ҚР ҰҚК бұрынғы төрағасына қарсы айыптарды тергеп жатқанын айтты. "Австрия билігі де адам ұрлау мен кісі өлтіру бойынша айыпталған Әлиевке қарсы тергеу жүргізіп жатыр. 2013 жылдың қараша айында Рахат Әлиев азаматтығы жоқ адамдарға берілетін австриялық төлқұжаттың көмегімен Кипрде банк есепшотын ашуға тырысқан, ал Австрия ішкі істер министрі 2013 жылдың сәуір айында бұл төлқұжаттың күшін жойған. Австрия омбудсмені төлқұжаттың уақытша тұруға берілетін рұқсатпен бірге заңсыз алынғаны туралы қаулы шығарды" , - дейді депутат. Турме үсті-үстіне тағылған айыптардың Австрияда үш ай бойы, Германия мен Мальтада екі жыл бойы тергелгенін, бірақ сот талқылауына жетпегенін атап өтті. "Комиссия Рахат Әлиевке қарсы тергеудің қазіргі жайы туралы біле ме, оны бақылап отыр ма? Евроюсттің, Европолдың көмегімен ұлттық органдар жүргізіп жатқан тергеулерге комиссия құқықтық көмек беруді қарастыра ма? Комиссия салмақты айыптарды тергеудің ешқандай құқықтық жалғасы болмаған кезде мұның Еуроодақтың сот төрелігіне деген қоғамдық сенімге зиянын тигізетінін біле ме? Рахат Әлиевке құжатты заңсыз беру фактісі Еуроодақ көлемінде қылмысты адамдардың еркін жүретінін көрсетіп бергенін біле ме?", - деп көп сауал қояды Турме. Бұған дейін Еуропалық комиссияға Еуропарламент депутаты Ана Гомес сауал тастаған еді. Ол да бұл айыптарды тергеуге Европол мен Евроюстті қосуды сұрады. Оның пікірінше, бұл іс бойынша сот отырысы әлдеқашан аяқталуы керек еді. Еске салайық, Рахат Әлиев бірнеше ауыр қылмысты, соның ішінде, Отанын сату, мемлекеттік төңкерісті ұйымдастыру, адам ұрлау қылмыстарын жасағаны үшін сырттай сотталған болатын. Жуырда оның 2006 жылы Алтынбек Сәрсенбаевты өлтіруге тапсырыс бергені мәлім болды. Бұл іс бойынша кезінде Парламент Сенаты аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаев сотталған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети