24 қыркүйек 2018 | 14:48

"Алкогольді татып алған емеспін" - Қырғызстан экс-вице-министрі әуежайдағы жанжал жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зууракан Каденова / Фото с сайта news.ivest.kz Зууракан Каденова / Фото с сайта news.ivest.kz

Қырғызстан еңбек және әлеуметтік даму министрінің бұрынғы орынбасары Зууракан Каденова Сеулдегі "Инчхон" әуежайында "Эйр Астана" бортында болған жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg порталына сілтеме жасап.  


Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстан еңбек және әлеуметтік даму министрінің бұрынғы орынбасары Зууракан Каденова Сеулдегі "Инчхон" әуежайында "Эйр Астана" бортында болған жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg порталына сілтеме жасап.  

Шенеунік мас болып, "Эйр Астана" бортында жанжал шығарған дегенге келіспейтінін айтты. Сеулде Зууракан Каденова әріптесімен бірге Корей халықаралық ынтымақтастық агенттігінің шақыртуымен 20 күн бойы білім алған. Оның айтуынша, ол білім алуды сәтті аяқтап KOICA ұйымымен бірлескен жоба дайындаған. 

Оңтүстік Кореяда әйел адам диета ұстап, бес келіге азған. Соңғы күндері оны жүрегі мазалаған. Кететін күні ол валерьянка ішіп, ал әуежайда 40 тамшы корвалол қабылдаған. Бортқа ондай заттарды алып кіруге болмайтындықтан ол барлығын ішкен. Әріптесімен бірге құжат рәсімдеуге жүгірген, осыдан кейін екі бөтелке кока-кола шікен. 

"Ұшаққа отырып, қауіпсіздік белбеуін тағайын дегенімде өзімді жайсыз сезіндім. Әжетханаға барғым келді, ал бортсерік қыз әжетхананың әлі ашылмағанын айтып маған рұқсат бермеді. Ол маған пакет берді, екі рет құстым. Менің ойымша, ашқарынға дәрі ішкенімнің салдарынан осындай халге жеттім деп ойлаймын", - дейді Зууракан Каденова.

Оның айтуынша, ұшақ бортында ол ешкіммен жанжалдаспаған, тек өзіне ұшып кетуіне мүмкіндік беруін сұраған. Бірақ оны ұшақтан шығарған. Каденованың айтуынша, ол мүлде спирттік ішімдік ішпейді екен. Спирттің иісі дәрі-дәрмектен келген болуы мүмкін. Әйел адам өзінің жұмыстан босатылғаны туралы Сеул әуежайында естігінен айтады. Өзі де жұмыстан кетуге дайын болғанын айтады. Сот арқы жұмыстан босатылғаны туралы арызданбайды. "Эйр Астана" қара тізіміне енбеген, келесі күні осы әуекомпанияның рейсімен ұшып келген. 

22 қыркүйекте Зууракан Каденова "Эйр Астана" әуекомпаниясының ұшақ бортында жанжал шығарғаны белгілі болды. Оқиға Сеул - Алматы - Бішкек рейсінде болған. Мәлімет бойынша, әйел адам мас болған дәне бортсеріктерге айғайлаған. Сол күні Қырғызстан премьер-министрі шенеунікті жұмыстан босатты. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети